Жарнама
Жаңалықтар

Жастардың салауатты өмір сүруі – басты назарда

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» стратегиялық құжаттында айқындалған 9 міндеттің әрқайсысы еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизим» атты Қазақстан халқына Жолдауында негізгі 9 бағытты айқындап берді десек, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға бәріміз жұмыла атсалысуға тиіспіз. Президент айқындап берген бағыттар әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етеді. Мемлекет басшысы балаларды құмар ойынға тартқандарға және кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жазаның күшейтілгенін ескертті.

Сондықтан да С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор ретінде оқу орнындағы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты шаралар қабылдаймыз. Өткен оқу жылында университет студенттеріне үкіметтік емес ұйымдармен және құқық қорғау органы, сондай-ақ және сала мамандармен студенттерге әр-түрлі іс-шаралар мен түсінік беру жұмыстары өткізілді. Атап айтқанда, «Единый час» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ıс-шара, «Таза қала» акциясы бойынша сенбıлıк, ЖИТС (СПИД) қауіптілігі бойынша «Үміт-Норе-Надежда» жеке қоры мамандарының қатысуымен кездесу, «Лудоманияны алдын алу» құмар ойындарға қарсы семинар, Зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттердıң алдын алу шарасы, нашақорлықтың алдын-алу секілді іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралар осы оқу жылында да жүзеге асырылады.

Сондай-ақ С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттерінің уақыттарын тиімді пайдалануы үшін студенттік спорттық және шығармашылық клубтар жұмыс істейді.

Еламан ӘБЕЖАНОВ,
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button