Жарнама
Жаңалықтар

ЖАСТАР ЖАСАҒАН СЫЙ

 

Шараға Астана қаласының республикалық «Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау» қоғамдық ұйымы тікелей мұрындық болды. Қалалық жастар ресурстық орталығының волонтерлер корпусының жастары және арнаулы оқу орындарының студенттері әдемі би өрнегін көрсетті. Облыстық қан орталығының зертхана меңгерушісі Қымбат Исаева мен қан жинау орталығының дәрігері Гүлжан Елеусіновалардың айтуынша, осыған дейін Атырауда 4000-нан астам адам қан тапсырған екен.

Қазақстанда бүйрек трансплантациясы алғаш рет 1979 жылы жасалған. 2011 жылға дейін жылына 15-20 операция жасалынып келсе, қазір бұл көрсеткіш төрт есеге артқан.

— Елімізде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы арқылы отандық медицина қызметкерлері шет елдердің алдыңғы қатарлы клиникаларында кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Бүгінде олар заманауи қондырғылармен жабдықталған ауруханаларда қызмет етуде. Нейрохирургия, трансплантация, кардиохирургия оталары қымбат бола тұрса да, мемлекет қолдауымен өз елімізде де жасалады. Дені сау әрбір азамат мемлекеттің қол жетпес байлығы екенін Елбасы да өз Жолдауында атап өткен, — дейді салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанындағы «Жарқын болашақ» жастар орталығының жетекшісі Алуа Сыралиева.

Амандық АБДОЛ.

 

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button