Жастар жамағаты көше тазалаушы аналарға құрмет көрсетті

2008 2 Жаңалықтар

Atr.kz/1-наурыз, 2019 жыл. Алғыс айту күніне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі көше сыпырып, тазалап жүрген аналарымызға құрмет көрсетті.

2008 1

Орталық «Иманғали» мешітінің жастар жамағаты аналарға гүл шоқтарын сыйлады. Бұдан бөлек, дұға кітаптарымен бірге тәтті шоколадтар салынған сыйлықтарды үлестірді. «Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Аналарымыз көшені тазалап, жол бойында кедергі болып жатқан заттарды алып тастап, үлкен сауапты іс атқаруда. Біз бұл акция арқылы, қоғам тарапынан елеусіздеу жүрген көше тазалаушы аналарымыздың еңбегіне құрметпен қарауды дәріптегіміз келді» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Мұрат Мұстафаев.

2008 2

Дереккөз: islam-atyrau.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз