Жастар – мемлекеттің бір бөлшегі

screenshot 13 7 Жаңалықтар

«Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалының жетекшісі Абылай Құрметұлы №7 емхана ғимаратында орналасқан №92 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Абылай облыстық патриоттар форумының «Жастық жігер» номинациясының иегері, жастар арасындағы облыстық айтыстарды ұйымдастырушы, республикалық жас ақындар айтысының қатысушысы ретінде танымал. Ол бұған дейін «Jas Otan» жастар қанатының Атырау қалалық филиалын басқарып, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жетекшісі ретінде де жастарға қатысты іс-шаралардың басы-қасынан табылып келді.

«Болашақ Президентке өз дауысымды бермес бұрын алты үміткердің сайлауалды бағдарламасын мұқият оқып шығып, өз таңдауымды жасадым. Біз, Қазақстан жастары, осы мемлекеттің бір бөлшегіміз және соңғы кездері жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қызығушылық танытып, белсенді түрде араласып жатқаны көңілден шығады. Жалпы, біз үшін мемлекетіміздің ұлттық мүддесінен маңызды ештеңе болмауы керек» дейді ол бізбен әңгімесінде.

Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Айман қуанбаеваның айтуынша учаскеде 2245 сайлаушы тіркелген.

Анжелика КИМ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз