Жарнама
Жаңалықтар

ЖАСТАР ӘСКЕРГЕ БАРУҒА ЫНТАЛЫ

— Әскер – бұл барлық мемлекеттің қорғаны, қуатты әскерсіз мемлекет жоқ. Сондықтан, Отан алдындағы асыл борыштарыңызды өтеп, елге аман-есен, нағыз азамат болып оралуларыңызға тілекшіміз. Жылда Атырау облысынан жан-жақты іріктеп, мыңның үстінде сарбазды аттандырамыз. Оларды үйінде ата-аналары зор үмітпен күтіп отырады. Олардың Отан алдындағы борыштарын адал орындап, елге аман-есен оралуына жағдай жасау мемлекет алдындағы зор міндеттердің бірі.

Алдағы уақытта бүгінгі сарбаздар жастарға өнеге болып, әскерден кейін де қуатты Қазақстан құруға ықпал етсін дейміз. Ақ жол, сарбаздар! — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанның әрбір азаматының абыройлы міндеті, қасиетті де қастерлі борышы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға айрықша мән беріп отыр. Осы ретте сөз алған Батыс аймағының әскери прокуроры, полковник Жанболат Аекенов былай деді:

– Бүгін Қазақстан әскерінің жағдайы өткен жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда жақсарды. Біз дамыған елдердің әскерінен кем емеспіз. Олай болса, сарбаздар сапына аттанғалы отырған жастарға айтарым, барынша батыл әрі ержүрек болыңдар, әскери ғылымды тыңғылықты игеріңдер. Еліміздің қорғаныс қабілетінің артуы, тыныштық пен бейбітшілік, жалпы қазақстандық қоғамның баянды болуы мен гүлденуі – сіздердің әскери міндетке, әскери істің қыр-сырын жіті меңгеруге қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындықтарыңызға тікелей байланысты, — деді.

Ал, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Руслан Ниеталиевтің айтуынша, жыл өткен сайын еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ынталы жастар қатарының артып келе жатқаны қуантады. Мұны жауынгерлік дәстүр жалғастығының жемісі деп білген жөн болар.

Ал, әскерге аттанушы индерлік Жалғас Қаналиев сарбаздар атынан ұлт намысын қорғайтын білікті де білімді жастар барда Отанымыздың туы әрқашан көкте желбірейтінін айтып, сенім білдірді.

Ұлы Отан соғысының ардагері Бағыт Қуанышев Отан қорғау сапына аттанғалы тұрған жастарға сәттілік тілеп, батасын берді.

Жиын барысында Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімінің оркестрі өз өнерлерін көрсетті. Әскери маршпен сарбаздарды шығарып салды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button