Жарнама
Жаңалықтар

Жасөспірім суға қалай батты?

Әлеуметтік желіде Атырау қаласында суға батып кеткен баланы қасындағы достары судың терең жеріне апарып, итеріп жібергендігі жөнінде ақпарат тарауда. Мәселеге байланысты облыстық полиция департаменті жедел жауап берді.

–Аталған дерек бойынша барлық жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір психологтардың қатысуымен жауап алынуда. Қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, — дейді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, бұған дейін бүгін, 22 тамызда Атырау қаласының Ақжар ауылында жасөспірімнің белгісіз жағдайда суға батып кеткені жөнінде жариялаған едік.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Сурет: inbusiness.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button