
Жаңалықтар
Жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы басталды
Республика Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ерлік пен еңбек дастаны» атты жас қаламгерлерге арналған байқау жариялады.
Байқаудың басты мақсаты – қоғамдағы еңбек адамдарын, түрлі мамандық иелерін насихаттап, олардың еңбегінің маңыздылығын көрсету. Бұл дода жас жазушылардың шығармалары арқылы еңбек адамдарын жаңа қырынан танытып, олардың рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Байқауға өтінімдер 1 қазаннан бастап қабылдануда. Ал жеңімпаз 2025 жылдың Республика күніне орай анықталады.