Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

«Жас отау» жалғасын таба ма?

Келесі жылдан бастап «Жас отау» бағдарламасы тоқтатылады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысында мәлімдеді.

арендное-жилье

– Құрылысы жергілікті бюджет есебінен салынатын «Жас отау» бағдарламасының өзіндік шарты бар. Мұндағы тұрғындар пәтердің алғашқы жарнасын төлеуі тиіс. Ал, бүгінде баспанаға қолы жетіп қоныстанып алғандардың 40 пайызы бұл төлемдерді өтемей отыр. Ұйымдастырылған конкурстан өтіп тұрғын үй алған азамат шартта көрсетілген өтемдерді төлеп, бұл қаржыға бағдарлама арқылы келесі үй салынуы қажет болатын. Өкінішке орай, жасотаулықтардың осынау әрекеті бағдарламаны жалғастыруға кедергі болуда, — деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.­ – Ендігі уақытта жастарға Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «7-20-25» бағдарламалары арқылы тұрғын үй алуға мүмкіндік бар.

Жергілікті бюджет жастардың баспанаға жедел қол жеткізуіне демеу болды. Бұл қолдауға ие болғандар оны әрі қарай алып кетуі керек болатын. Жасотаулықтар төлемеген жарналарын өтеуі тиіс. Шиелініскен жағдайда бұл мәселемен құқық қорғау органдары жұмыстанады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button