Жарнама
БілімЖаңалықтар

Жас ғалымдар шеруі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының колледжінде облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Білім – ғылым негізі, ғылым – өркендеу кепілі» тақырыбында студенттердің облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Жас ғалымдар шеруі

Жас ғалымдардың жиыны «Математика және ғылыми-техникалық прогресс», «Күн энергиясы, жел энергиясы, жасыл энергетиканы пайдалану», «Цифрлық технология – бүгінгі заман талабы», «Экология саласындағы ғылым мен білімнің замануи үрдістері» тақырыптарына бөлініп, төрт секция бойынша жүргізілді.

Шараның мақсаты – студенттердің заманауи ғылымның маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысуына және ғылыми білім беру кеңістігін дамыта отырып, жас ғалымдардың халықаралық стандартқа сай бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларға бағыт-бағдар беру, ел экономикасының дамуына жас буынның өз үлесін қосу жолындағы жауапкершілікті сезінуіне жетелеу. Конференцияда «Жас өнертапқыштар» көрмесі ұйымдастырылып, студенттердің ғылыми-жоба жұмысы қорғалды.

Математика ғылымының өзіндік ерекшелігі мен дамуы, Қазақстандағы балама энергия көздері саналатын жел, күн энергиясын пайдалану және жаңармалы қуат көзі – жасыл энергияның тиімділігі, бүгінгі заманның талабы болып отырған цифрлық технологияны енгізудің маңыздылығы мен қолданылуы, қазіргі таңдағы экология және табиғатты қорғау мәселелері жан-жақты талқыланып, талданды.

Ақмарал СҰПЫҒАЛИЕВА,
«Гуманитарлық-экономикалық» пәндік циклдік комиссия төрайымы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button