Жарылыстан кейінгі Арыс: қала босап қалған (+ ФОТО, + ВИДЕО)
Atr.kz/25 маусым, 2019 жыл. Арысқа он шақырым жерде бақылау-өткізу пункті тұр. Қалаға арнайы қызмет көліктері мен өртсөндірушілерді ғана өткізеді. Бұл туралы Арыс қаласына барған Tengrinews.kz журналистері хабарлады.
Ал, Арыс қаңырап тұр, ешкім жоқ. Барлығын Шымкентке алып кеткен. Арықа екі шақырым жерде солдаттар үлкен лагерь, шатырлар құрған. Полицейлер жағдайды қадағалап жүр. Арнайы қызметтердің он жеңіл көлігін байқадық.
Кей тұрғындар бақылау-өткізу пунктінен өте алған. Бір әйел жалаң аяқ қашқанын айтады. Балаларымен жаяу 20 шақырымдай жүріп, су сұрап, көлік тоқтатуға тырысқан, бірақ нәтиже болмапты. Әйел оқиғаны айтып отырғанда жылап қалды. Оның балалары қазір Шымкентте, киім-кешектері жоқ, сондықтан анасы қауіпке қарамастан артқа қайтқан.
Әрбір екінші үйдің терезесі сынған. Жарылыс толқынынан сияқты. Жанып жатқан үйді байқадық. Шатыры қираған, төбеден бір нәрсе түскен. Бірнеше үй осылай жанып кеткен дейді. Тонаушыларды байқамадық. Жарылыс тоқтады, естілмейді. Кешегі түтін басылған, өрт жоқ. Көшеден снарядтарды байқамадық.
Қала екіге бөлінген, орталықтан теміржол өтеді. Әскери бөлімше орналасқан бір жағы қатты зардап шеккен. Онда ешкімді жібермейді. Саперлер снаряд іздеп жүр. Төрт адамнан тұратын екі топты көрдік.
Айта кетейік, 24 маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болып, қала түгелімен эвакуацияланған. Жарылыс салдарынан 2 адам қаза тапты: бір әскери қызметкер мен бір қала тұрғыны. Қалада болған оқиғаларға байланысты «Қауырт желісі» жұмыс істеп тұр. Тәулік бойы қажетті ақпаратты Шымкент қалалық ТЖ департаментінен 8 (7252) 44-94-72, 35-33-66 нөмірлері бойынша алуға болады; Түркістан облысының ТЖД: 8 (7253) 35-83-02; ІІМ ТЖ Комитеті: 8 (7172) 53-32-84, 53-32-79.
#бізбіргеміз#