Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Жәрдемақы 16,7%-дан 37 пайызға ұлғайтылмақ

7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлім етті.

Айта кетейік, бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

«Өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптамасына сәйкес 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара балалар сырқатының ауырлық дәрежесіне байланысты жәрдемақы мөлшерін сараланған түрде белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, жәрдемақы мөлшері 16,7 пайыздан 37%-пайызға дейін ұлғайтылады. Жаңашылдық 31 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаға қатысты болады», — деді министр.

Оның айтуынша, бұл норма Байқоңырда тұратын мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшеріне де оң әсерін тигізеді. Осы орайда 207 бала қамтылады. Бұдан бөлек министр мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру тетігіне тоқталды.

Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған норма енгізілген кезде 2 мыңнан астам бала мүгедектігі бойынша жәрдемақымен қоса асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын болады. Қазіргі уақытта олар таңдауы бойынша жәрдемақының бір түрін ғана алып отыр.

«Қазақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button