ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯ
ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН ЖАПА ШЕККЕН ӘКІМДІК ҒИМАРАТЫНЫҢ ЕСІГІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ (+фото)
5 қаңтар күні шеруге қатысушылар Атырау облыстық әкімдігі ғимаратының кіреберіс есігін бұзып, кіруге ұмтылған болатын.
Әкімдіктегілер хабарлағандай, бұзылған есік қазір қалпына келтірілген. Жұмыс штаттық режимде жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, облыстық әкімдік алаңына ондаған адам жиналып, ғимаратты басып алғысы келген болатын. Сыртқы есік қатты зақымдалғанымен, ішке ешкім кіре алмады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ