Жанашыр жандар көпбалалы анаға үй салып берді (+ФОТО)
Atr.kz/3 маусым, 2019 жыл. Атырау маңындағы Еркінқала елдімекенінде волонтерлер көпбалалы отбасыға үй салып берді.
Жаңа баспананы Атыраудың жанашыр тұрғындары үш ай ішінде салып бітірді. Бұл үй Мейрамгүл Әмірғалиева мен оның төрт баласына арналған. Үйдің жалпы аумағы — 105 шаршы метр.
«Баспананы жылдың басында — ақпан айында тұрғыза бастадық. Көпбалалы анаға көмек ретінде ақша жинауға тек Атырау өңірі ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарының халқы зор үлес қосты. Құрылыс материалдарын алуға жергілікті кәсіпкерлер көмектесті. Үй толығымен отандық құрылыс материалдарынан салынған. Үйдің іші кең, жылы, жарық, барлық инженерлік коммуникация жеткізілген, құжаттары бар. Біз, сонымен қатар, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техниканы да сатып әпердік. Енді тек үйдің айналасын қоршау ғана қалды. Қазіргі таңда ақша жинауды тоқтаттық», — дейді жергілікті кәсіпкер Асхат Бағыт.
Атыраудың жанашыр тұрғындары көпбалалы анаға үй салып берді Осы уақытқа дейін Мейрамгүл балаларымен бірге жалдамалы шағын үйде тұрып келді.
«Жұмысқа шыға алмаймын, өйткені үлкен ұлым мүгедек. Кішкентай күнінде сал ауруына шалдыққан. Оған жан-жақты күтім керек. Одан кіші балаларым мектепте оқиды. Мүгедек баланы қарап отырғаным үшін мемлекеттен жәрдемақы аламын, сондай-ақ, көпбалалы ана ретінде алатын жәрдемақым бар — барлығын қосқанда табысым 80 мың теңгеден аспайды. Бұрынғы күйеуім ауру, бізге көмектесетін шамасы жоқ. Ақша жинап, жаңа үй тұрғызуға үлес қосқан барша жандарға алғысым шексіз», — дейді Мейрамгүл Әмірғалиева.
Атыраудың жанашыр тұрғындары көпбалалы анаға үй салып берді Атыраудың жанашыр тұрғындары көпбалалы анаға үй салып берді Атырау әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиевтің сөзінше, бүгінде аймақта көпбалалы аналарға мемлекет қана емес, жалпы, қоғам өкілдері — меценаттар, волонтерлер және кәсіпкерлер де ерекше көңіл бөліп отыр. Атыраудың жанашыр тұрғындары көпбалалы анаға үй салып берді Атырауда 1088 — «Алтын алқа», 1559 — «Күміс алқа» иегері тұрады. Жалпы, өңірде төрт баладан артық перзент тәрбиелеп отырған 5296 ана бар.