Жарнама
Жаңалықтар

Жанармай бекетіндегі өрт кезінде ерлік танытқан қызметкерлер марапатқа ұсынылды

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы жанармай бекетінде орын алған өртті сөндіру кезінде полиция қызметкерінің жедел әрекеті түсірілген бейнежазба көпшіліктің назарын аударды. Оқиға барысында полицей тілсіз жауды ауыздықтауға белсене араласып, қауіптің алдын алды. Сонымен қатар, оқиға орнында жанармай бекетінің қызметкері де бірінші болып батылдық танытып, қолда бар құралдарды тиімді пайдалана отырып, өрттің кең етек алуына жол бермеген.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулеттің хабарлауынша, қызметкердің әрекеті де желіде оң бағасын алып, куәгерлер тарапынан мақтауға ие болды.

-Қазір оқиғаның толық мән-жайы мен өрттің шығу себептері тексерілуде. Жанармай бекеті ішкі тәртіптеріне байланысты оқиға бейнежазбасын жарияламады. Полиция департаменті желіде тараған ақпаратты растап, жас қызметкердің әрекетін өзгелерге үлгі боларлықтай деп атап өтті. Өрт кезінде көрсеткен жедел әрі батыл әрекеттері үшін жанармай бекетінің қызметкері мен полиция қызметкері арнайы марапатқа ұсынылды, — дейді М.Ердәулет.

Бұл оқиға жауапкершілік пен ерлік танытудың үлгісіне айналып, көпшіліктің алғысына бөленді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button