Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Жанармай бағасының қымбаттауына не себеп болды?

Атырауда ең көп тұтынылатын АИ-92 бензинінің 1 литрінің бағасы 154-тен 172 теңгеге жетті. Кейбір жерлерде 200 теңгеден де сатылып жатыр. Көршілес Маңғыстау облысында одан 8 теңгеге төмен болса, Батыс Қазақстанда 170 теңгеге тұрақтаған. Ал, АИ-98 маркалы жағармай 210 теңгеден саудалануда.

Тұтынушылардың орынды реніші мен наразылығын тудырған бұл жағдайға не себеп болды? Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Құрманбаевтың түсіндіруінше, қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы баға реттелмейді. Ол сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады.

  • – Ел бойынша АИ-92-нің бағасы литріне 154 теңгеден 172 теңгеге дейін өзгереді. Резервте мұнай жеткілікті. Министрлік өз кезегінде жетіспеушілік пен тапшылықтың болмауы үшін барлық жағдайды қарастыруда, — деді ол.

Ал, сарапшы мамандар қазақстандық зауыттардың бензинді Ресейден қымбатқа сатып алатынын айтып отыр. Онда жанармайдың 1 литрінің бағасы 200 теңгеден асады. Егер жағдай жуық арада өзгермесе, қымбаттаған мұнай өнімі тауарлар мен қызметтердің құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Министрлік өкілі жанармай бағасының күрт өсуіне себепші болған бірнеше жайды атады. Мәселен, еліміздегі екі мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Одан өзге, импорттық шикізатқа тәуелділік және экономикалық дағдарыс орын алған. Талғат Құрманбаевтың баяндауынша, ол бүгінгідей бәсекелестік пен нарықтағы сұраныстың жоғарылаған кезеңінде қалыпты жағдай саналады. Мұның бәрі бағаның өсуіне себеп болған. Алайда Энергетика министрлігі бұл жағдайды қалыпты санайды.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button