Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономикаҚоғам

Жаңарған өңір – жақсарған өмір

Atr.kz/27 тамыз, 2019 жыл. Елбасы бастамашысы болған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Индер ауданында да кешенді іс-шаралар атқарылуда.

Соның дәлеліндей, жаңадан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлер, жаңғыртылу үстіндегі көшелер, жаяу жүргінші жолдарын, саябақтарды, саз мектебі мен жатақхана секілді әлеуметтік нысандар бар. Әсіресе, халыққа бірінші кезекте қажетті тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыруға көбірек көңіл бөлінген. Өткен жылы ауданда жалпы ауданы 23 563 шаршы метрді құрайтын 158 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, биылғы жеті айда бұл көрсеткіш 16 590 шаршы метрді немесе 107 тұрғын үйді құрап отыр.

ТАҒЫ БІР МӨЛТЕКАУДАН

Әуелден көпқабатты үйлерінің көптігімен ерекшеленетін Индербор кентінде олардың қатары тағы да көбейе түсер түрі бар. Округ әкімі Асхат Аймұратовтың айтуынша, қазір ауылдың батыс бетінен әрқайсысы 48 пәтерден тұратын көпқабатты төрт үйдің құрылысмонтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл болашақта осы аумақтан салынатын жаңа мөлтекауданның (аумағы 35 гектар) бастамасы болмақ. Бүгінгі таңда бұл учаскедегі жұмыстар жобаға сәйкес, кесте бойынша жалғасуда.

Нақтысын айтқанда, былтырғы күзде алғашқы қадасы қағылған құрылыс алаңында төрт қабатты үйлердің іргетасы көтеріліп, нөлдік қабаты қалануда. Мердігер мекеме – «Еврстрой-А» ЖШС өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл үйлердің құрылысы толықтай келер жылдың соңына қарай аяқталмақ. Оған қоса, осы жерден 80 пәтерлік 5 қабатты бір үйдің құрылысын салу үшін жобалаусметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

КӨКТЕМ МЕКТЕБІНЕ – ҚОСЫМША ҒИМАРАТ

Көктем мөлтекауданы да жыл санап жаңа ғимараттармен толығып, ауқымы үлкейіп, көркейіп келеді. Мұндағы ғимараттардың бірі осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген типтік үлгідегі орта мектеп болатын. Мектепте оқитын балалар қатары көбейіпті. Бұл қолайсыздық тудыра бастапты. Проблеманы оңтайлы шешу мақсатында мектепке 80 орындық қосымша жапсаржай салу жоспарланды. Қазір бұл нысанды жаңа оқу жылында іске қосу көзделіпті. Құрылыс-монтаж жұмыстарымен «Дан-Строй БазаЛТД» ЖШС-нің мамандары айналысуда.

ЕСКІ САЯБАҚ ЖАҢАРМАҚ

Биыл құрылысы қолға алынған нысанның бірі – ескі саябақ. Мұнда да қарбалас жұмыс бар. Ұзақ жыл қараусыз қалған бақты қалпына келтіруді міндетіне алған «Риг Строй» ЖШСне жүктелген. Құрылыс учаскесінің бастығы Ермұхан Сәбиевтің баяндауынша, мұндағы жұмыстар биылғы маусымда басталыпты. Құрылыс алаңында төрт бригада, 30-ға жуық адам еңбек етуде. Жобаға енгізілген жұмыстардың бәрі қатар жүргізілуде. Мәселен, электр желісін жүргізу, су жүйелерімен жабдықтау мен жол төсеу, гүлзарлардың жиектастарын орнату, абаттандыру жұмыстарының 50-80 пайыз аралығында орындалуы қамтамасыз етілген.

Саябақта жаяу жүргінші жолымен бірге жүгіруге арналған жолдар, балалардың ойын алаңқайлары, демалып отыратын орындар қарастырылған. Осы нысанның аумағынан танымал бард ақын, талантты сазгер, шебер орындаушы Табылды Досымовқа бюст орнатылады.

КӨНЕ ҮЙЛЕРДІҢ КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРЕДІ

Аудан орталығындағы салынғанына алпыс жылдан асқан үш қабатты үйлердің ауласына асфальт жол мен тротуар төселеді. Қасбеттері мен

түсіндіруінше, осы жұмыстардың бәрін «Астана-Строй-Сервис» ЖШС ұжымы атқаруда. Жұмыстың ауқымы мен қажеттілігіне қарай жергілікті маман-жұмысшылар тартылған. Жалпы алғанда, өткен жылдармен салыстырғанда, биыл «Ауыл – ел бесігі» аясында жоспарланған жұмыстың да, бөлінген қаражаттың да көлемі айтарлықтай көбейген. Осы бағыттағы жұмыстардың бір бөлігін демеушілік қаражат есебінен іске асыру жөнінде келісім-шарт жасалған.

КОЛЛЕДЖГЕ – 100 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА

Тағы бір нысан – Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің студенттеріне арналған 100 орындық жатақхана. Төрт қабатты ғимарат құрылысын ақтаулық «Ақ жол құрылыс» ЖШС жүргізуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспарланыпты. – Мұнда барлығы 30-дың шамасында адам жұмысқа тартылған. Прораб, бригадир, кейбір мамандарымыздан басқасы осы ауылдың азаматтары. Жатақхана соңғы технологиямен, заманауи үлгіде салынуда. Асхана, демалыс бөлмесі, акт залы, санитарлық-техникалық тораптары қарастырылған. Міндетімізді жергілікті атқарушы және қадағалаушы құрылымдар өкілдерімен ынтымақтастықта, байланыста атқарудамыз. Белгіленген мерзімде жұмысымызды аяқтаймыз деген ойдамын, — дейді құрылыс учаскесінің басшысы Арман Қайыржанов.

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ҚАЗАҚ АУЫЛЫ

Болашақ мөлтекауданынан екі көше болып бой түзеген бір қабатты, 2 пәтерлік 30 үйдің құрылысы ерекше назар аударады. Негізінен, тұрғын үйге мұқтаж көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін оңтайлы шешу мақсатында қолға алынған бұл жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік әдісімен жүзеге асырылып жатыр. Осындай үйлерді салып, пайдалануға берген атыраулық жеке кәсіпкер Саламат Әбілхайыров бұл жобаны да өз күшімен атқаруға бел буыпты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рамазановтың түйіндеуінше, мұндай тәсілдің тиімділігі бар. Мердігер бар жауапкершілікті мойнына алады.

Қадасын қағып, үйді тапсырғанға дейінгі жұмыстардың бәрін атқарып шығады. Жалпы ауданы 6 000 шаршы метрді құрайтын үйлердің әрбір пәтерінің аумағы 100 шаршы метрге тең. Кіреберісі кең, үш бөлмеден, ас үйден және санитарлық тораптан тұратын үйдің тұрғындарға жайлы баспана болатыны байқалып тұр. Әрқайсысы дербес шағын жылыту қазандығымен жылытылады. Екі пәтерлік бір үйдің құны жоба бойынша 28 млн.теңгені құрайды. Алдағы күзде тапсырылуы межеленіп отырған жаңа үлгідегі қазақ ауылына «Аруана» тұрғын үй кешені атауын беру мәселесі ойластырылып отыр.

Бұлардан бөлек, қазір балалар саз мектебі кентішілік және жаяу жүргінші жолдарының құрылысы да жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері аудан орталығындағы төрт көшеге жалпы ұзындығы 8 шақырымнан асатын асфальт жол мен тротуар төселсе, келер жылы оны 22 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр. Сондайақ, Индербордың орталығындағы арбат алаңы да жаңаша реңде қайта жасақталатын болады.

Дәулетқали АРУЕВ,

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ (сурет),

Индер ауданы

Бақытжамал ХАСАНОВА, Индербор кентінің тұрғыны:

– Соңғы кездері ауданымызда, игілікті істер қолға алынуда. Көшелер асфальттанып, жолдарымыз түзеліп қалды. Ескі үйлер мен демалыс орындары жаңғыртылып жатқанына куәміз.

Абзал РАМАЗАНОВ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

– Жыл сайын үйдің көптеп салынуына байланысты баспанамен қамту мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Қазір кезекте тұрғандар саны 1 200 адамның шамасында болса, оның ішінде 130 көпбалалы отбасы бар. Таяудағы бірер жылда бұл проблема толықтай шешіледі деп ойлаймын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button