
Жаңалықтар
Жанай Амантурлин «Ақпарат саласының үздігі» атанды
Индер аудандық “Дендер” газетінің бас редакторы, облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы Жанай Амантурлин Мәдениет және ақпарат министрлігінің “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісіне ие болды.

Марапат республикалық Бас редакторлар клубының Астана қаласында өткен кезекті мәжілісі барысында табысталды. Құрметті төсбелгіні Парламент Сенатының депутаты, Клуб төрағасы Бибігүл Жексенбай тапсырды.
Бұл марапат – Жанай Амантурлиннің ақпарат саласындағы ұзақ жылдық еңбегінің және қоғамға қосқан үлесінің жоғары бағасы.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Қ.ШӘКІРОВ