Жаңа жылда қазақстандықтар қанша күн демалады?

54030d11 55c3 4c2f acaa 69cb8ba451b5 Жаңалықтар

Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады.

1 және 2 қаңтар сенбі және жексенбі күндеріне түседі, ол ресми демалыс күндері болғандықтан, қазақстандықтар қосымша тағы екі күн 3 және 4 қаңтарда демалыс алады.

Ал 31 желтоқсан – ресми жұмыс күні.

Осылайша, жаңа жылда отандастарымыз төрт күн демалады.

Алты күндік жұмыс істейтіндер 4 қаңтарда жұмысқа шығуы керек.

Ал 7 қаңтар Рождество мейрамы болғандықтан, ресми мереке күні. Биыл  жұмаға келеді. Тиісінше, қазақстандықтар 7, 8 және 9 қаңтар күндері үш күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер 8 қаңтар қызметке кірісулері керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз