Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында Атырауда егіздер дүниеге келді

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсанда Атырау облыстық перинаталдық орталығында егіздер дүниеге келді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында, яғни желтоқсанның 31-і күні, сағат 15.20-да орталықта егіздер дүниеге келген.

Жалпы, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні сағат 9.00 аралығында орталықта 30 сәби дүние есігін ашқан. Оның 14-і қыз, 16-сы ұл бала.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button