Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда 6 714 жаңа жұмыс орны ашылады

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Биыл аймақта «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында  6 714 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды.

Облыстық әкімдікте өткен сессияға аймақ басшысының орынбасары Айгүл Әжіғалиева қатысты. Бұл жолы 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  жан-жақты айтылды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рафик Әбуовтың баяндауынша,  «Жұмыспен қамту жол картасы–2020» бағдарламасы шеңберінде 35 305 млн. теңгеге 62 жоба ұсынылды.

«Осы жобалардың негізінде биыл  6 714 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Соның ішінде аудандардағы ауылішілік, жаяу жүргіншілер жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Атырау қаласында автокөлік жолдары да қайта жаңғыртылып, Талқайраң ауылында инфрақұрылым желілері жүргізіледі. Сондай-ақ, білім саласында Атырау қаласынан үш мектеп пен жатақханалардың құрылыс жұмыстары жоспарланды. Ал, облыста 12 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді» дейді Р.Әбуов.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласын дамытуға да баса басымдық берілді. Бұл ретте биыл алты нысан күрделі жөндеуден өтеді.  Суару-суландыру жүйелері, энергетикалық қамту бойынша да бірқатар шаралар қолға алынады. Депутаттар күн тәртібінде қаралған осынау мәселелер аясында ұсыныс-пікірлерін айтып, оң шешім қабылдады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda%d2%93y/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button