Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа жоба: «Әжемнің ертегісі» балалардың жүрегіне жол тапты

Облыстық кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бейімдеу орталығында балаларға рухани қолдау көрсетуге бағытталған «Әжемнің ертегісі» атты ерекше жоба қолға алынды. Азаматтық орталық ұйымдастырған аталмыш жобаның басты ерекшелігі ертегі арқылы балалардың шығармашылығын дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тәрбиелік ортаны қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында «Үздік күміс волонтерлер» конкурсының жеңімпазы Айгүл Арыстанова «Қайырымдылық бұрышы» жобасынан алынған кітаптар оқылды. Бүгінде бұл бұрыш балалар үшін тек оқу орны емес, арман мен қиял әлеміне айналған ерекше кеңістікке айналып отыр. Осы игі істің жалғасы ретінде «Әжемнің ертегісі» жобасы дүниеге келді.

Жобада күміс волонтерлер белсенділік танытып, балалармен емен-жарқын байланыс орнатты. Ерікті Армангүл Асқарова ертегі кейіпкерлерінің жақсы қасиеттеріне тоқталып, балалармен ой бөлісіп, қызықты сұрақтар қойды. Сонымен қатар балалар ертегі желісі бойынша сурет салып, өз ой-пікірлерін білдірді. Бұл олардың шығармашылық қабілетін арттырып, волонтерлермен жылы қарым-қатынас орнатуға үлкен әсер етті.

Іс-шара соңында балаларға естелік сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Әжемнің ертегісі» жобасы мұнымен шектелмей, алдағы уақытта Аналар үйі, мамандандырылған балалар үйі, сондай-ақ отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жалғасын табатын болады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button