Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жаңа үкімет жасақталды: Кімдер министр лауазымында қалды?

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министрді тағайындады. Сондай-ақ жаңа министрлер кабинетінің құрамын бекітті. Жаңа үкіметте 4 министр өз орындарын босатты.

Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы 43 жастағы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болып тағайындалды. Бектеновтің бұрынғы лауазымына Президент басқармаларының экс- басшысы 43 жастағы Айбек Дәдебаев отырды.

Жаңа үкімет жасақталды

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов және Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз қызметтерінен айырылды.

Жаңа Қаржы министрі 45 жастағы Мәди Такиев болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы болып 52 жастағы сенатор Ақмарал Әлназарова тағайындалды.

Ал 40 жастағы Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі болды.

«Бәйтерек» холдингін басқарған Нұрлан Байбазаров Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

Орнында қалған министрлер

Аталған төрт министрден басқа қалғандары лауазымдарын сақтап қалды.

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу (бұл қызметке алғаш рет 2023 жылдың сәуірінде тағайындалған),

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов (2022 жылдың қаңтарында тағайындалды),

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов (бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

Премьер-Министрдің орынбасары-Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ( бұл қызметке 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалды ).

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр (бұл лауазымға 2022 жылдың қаңтар айында тағайындалды).

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова (2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин (2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

Әділет министрі Азамат Есқараев (2023 жылдың қаңтарында тағайындалды).

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев (2023 жылдың сәуір айында тағайындалды).

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров (бұл лауазымға 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды),

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (алғаш рет 2020 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев (бұл лауазымға 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалған).

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек (алғаш рет 2022 жылы маусым айында тағайындалған).

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев (2023 жылы қыркүйек айында тағайындалды).

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов (алғаш рет 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева (бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев (бұл қызметке 2023 жылы қыркүйек айында тағайындалған).

Көлік министрі Марат Қарабаев (2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды),

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова (2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалды).

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев (бұл қызметке алғаш рет 2023 жылы тағайындалды).

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев (алғаш рет 2023 қыркүйек айында тағайындалды).

Естеріңізге сала кетсек, Тоқаев Қазақстан Үкіметінің отставкасын қабылдады. Өткен жылы Қазақстан Үкіметі наурыз айында отставкаға кеткен болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button