ЖаңалықтарЭкономика

Жаңа трансформаторлар

Atr.kz/7август, 2020 жыл. Атырауға 12 су жаңа трансформатор жеткізілді. Оның екеуі «Атырау-Жарық» АҚ күшімен «Лесхоз» және «Жеті қазына» ықшам аудандарына орнатылған. Бұл туралы Атырау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметінің мәлімдеді.

— Жаңа үш фазалы трансформаторлардың қуаты 630 кВт. Олардың негізгі фукнциясы кернеуді төмендету және Атырау мен қала маңындағы елдімекендерде электр қуатын тұрақтандыру мәселесін шешуге арналған. Жаңа трансформаторлар иесіз қалған қосалқы станциялардың орнына және тозығы жетіп, істен шыққан подстансалардың орнына орнатылады, — деп нақтылады қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалаға жалпы саны 50 жаңа трансформатор алынып, орнатылу жоспарланған.

https://atr.kz/bez-rubriki/koronovirustan-ambulatori%d1%8flyq-zhagdajda-em-alyp-zhatqandarga-tegin-dari-darmek-berilude/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button