Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа технологиялары бар жылыжайлар үшін инвестициялық субсидиялар беріледі

Қазақстанда осы талапты іске асыру үшін тиісті стандарттарды әзірлеу қажет.  Бұл туралы Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Түркістан облысының кәсіпкерлері көтерген мәселелерді шешу жолдарын талқылау жиынында атап айтылды.

Республика Үкіметінің ресми сайтының хабарлауынша, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен басқосуда фермерлер басым дақылдарды (мақсары, мақта, жылыжай) субсидиялауға қосымша қаражат бөлу, гектарына 80 кг норматив кезінде нақты енгізу нормасы гектарына 200 кг құрайтын мақта үшін минералды тыңайтқыштарға нормаларды қайта қарауді сұрады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отыны шығынының нормативін қайта қарастыру керектігі айтылды. Енді бұл мәселелерді ауыл шаруашылығы және қаржы министрлігі бірлесіп шешетін болады.

Ал жылыжай өсірушілердің жаңа құрылыс және өндіріс технологияларын енгізетін шаруа қожалықтарының жылыжайларын салуға инвестициялық субсидиялар алу мүмкіндігі туралы мәселесі қажетті стандарттарды әзірлеуді және жаңартуды талап етеді. Мұны ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР АШМ және Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button