Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа су қоймаларының құрылысы қандай нәтиже бермек?

Қазақстандағы құрылысы жүріп жатқан жаңа су қоймалары 2,5 миллиард текше метрге дейін су жинай алады және олар суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға септігін тигізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық суға тәуелділікті азайту бағытында қандай іс-қимылдар жасап жатқанын түсіндірген.

–Министрлік 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын реконструкциялаудың кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда жаңадан 57 су қоймасын салу қарастырылған. Оның 20-сы су ресурстарын басқаруды дамыту тұжырымдамасында да ескерілген. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында төрт су қоймасын, Түркістан және Жамбыл облыстарында үш су қоймасынан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 2 су қоймасынан, Ақмола, Алматы, Қызылорда облыстарында және Абай облыстарында бір-бірден су қоймасын салу жоспарланып отыр, — делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда жаңа су қоймалары 2,5 миллиард текше метрге дейін су жинай алады және олар суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға септігін тигізеді. 

–Сонымен қатар, еліміздегі жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялау қарастырылған. Бұл өз кезегінде 74 мың га суармалы жерге су беруді жақсартуға мүмкіндік береді. Аталған шаралар болашақта су ресурстарын айтарлықтай аккумуляциялап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және де басқа да экономика салаларының суға деген сұранысын қанағаттандыруға жағдай жасайды, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Сурет: ҚазАқпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button