Жарнама
Жаңалықтар

Жаңа Салық кодексінде көлік салығын жанармай бағасына қосу ескерілмеген

Көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстыру туралы норма қарастырылып отырған жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев мәлім етті.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер «жаңа Салық кодексінің жобасында автокөлік салығынан босатып, оны жанармай бағасына қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?» деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде Б.Бейсенғалиев мұндай тәжірибе әлемнің бірқатар елінде бар екенін еске салды. Көлік салығын бензинге арналған акцизге ауыстырған жағдайда жанармай бағасы қымбаттайды.

– Көлік салығынан босатып, оны жанармай құнына қосып жатқан мемлекеттер бар. Бірақ оның үлкен кемшілігі бар. Бұл салық жанармайға қосылса, табысы төмен тұрғындарға ауыр болуы мүмкін. Өйткені қозғалтқыш көлемі үлкен автокөлікті тізгіндеген адамдар мен көлігі шағын жүргізушілер бірдей сомада бинзин сатып алады. Мәселен, қазір таксиде жүріп, отбасын асырап жүргендер үшін қиын болады, — деді депутат.

Оның айтуынша, бұған дейін осы бағытта тиісті есептеулер жасалған.

– Мыңдаған таксистер көлік салығына қарағанда, жанармайға қосылған салықтан едәуір ұтылады. Сондықтан қазір бұл ұсыныс бізге жарамайды. Жаңа Салық кодексінің жобасында мұндай норманы қарастырып отырған жоқпыз, — деді Берік Бейсенғалиев.

Бұған дейін елімізде бензин мен дизель бағасын мемлекет реттемеуі мүмкін екенін жазған едік.

Жақында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағысының өсуіне қатысты түсінік берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button