Жаңа Қазақстан: КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ

2017122805250223 Қоғам

ЕЛ ЕГЕМЕНДІК АЛҒАН КЕЗДЕН-АҚ КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІНЕ МЕМЛЕКЕТ АЙРЫҚША ДЕН ҚОЙДЫ. АТАКҮЛДІККЕ АҢСАП ЖЕТКЕН АҒАЙЫННЫҢ АЛҒАШҚЫ КӨШІ БАСТАЛҒАН 30 ЖЫЛДА РЕСПУБЛИКАҒА 1 МИЛЛИОН 87,8 МЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ОРАЛҒАН. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ 11 ҚАҢТАР КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНДЕ ДЕ: «КӨШІ-ҚОН, СОНЫҢ ІШІНДЕ ІШКІ КӨШІ-ҚОН САЛАСЫН ТӘРТІПКЕ КЕЛТІРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ» ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ. ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ЖАҺАНДАНУ ҮРДІСТЕРІНЕ ЖАУАП БЕРЕТІН, КӨШІ-ҚОН АҒЫНЫН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МҮДДЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӨЗІНДІК КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫН ЖҮРГІЗІП КЕЛЕДІ. БІРНЕШЕ ЖЫЛДАР БОЙЫ САЛАҒА ҚАТЫСТЫ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫҢ ОРНЫН ТОЛТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН, КЕМШІЛІКТЕР ДЕ ЖОҚ ЕМЕС. МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕҢЗЕГЕНІ ДЕ ОСЫ МӘСЕЛЕ.

ҚАНДАСҚА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН МҮМКІНДІКТЕР

Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, былтыр 17 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, «қандас» мәртебесін алған. Олардың дені Өзбекстаннан көшіп келіпті. Яғни, 17540 адамның 76,2%-ы – көрші елден келгендер. Екінші орында – Қытай мемлекеті. Аспан асты елінен келушілер жалпы қандастардың 10 пайызға жуығын құрайды. Кейінгі орындарда Түркіменстан (6%) мен Моңғолия (2,6%) бар. Елге келген қандастардың орналасу көрсеткішіне қатысты к е л т і р і л г е н м ә л і м е т т е р г е сүйенсек, негізгі құрам, яғни 28,5% оңтүстік астананы қалапты. Оралған ағайынның 20 пайызға жуығы Маңғыстауды мекендесе, т а ң д а у т ү с к е н өңірлер қатарында Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы бар. Қоныс аударушылар туралы жалпы мәліметтерге қоса, еңбекке қабілеттілік деңгейінің де маңызды екенін ескерген абзал.

Келгендердің жартысынан а с т а м ы – э к о н о м и к а л ы қ белсенділігі бар жастағылар. Бұл санаттағы 55,2% құрайтындарға қоса, 28%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші және 16,8%-ы зейнеткерлер. Ал, олардың білім деңгейін с а р а л а р б о л с а қ , е ң б е к к е қабілетті жастағылардың 11,1 пайызы – жоғары білімді. Орта кәсіби білім иеленгендер – 40,1, жалпы орта білімі бары 45,6 пайызды құраса, 3,1 пайызының білімі жоқ екен. Р е с п у б л и к а б о й ы н ш а тиянақты іске асып жатқан жобаға сай былтыр 132 қандас ж о ғ а р ы о қ у о р ы н д а р ы н а қабылданған. Осыдан 4 жыл бұрын іске қосылған, Орталық Азия елдерінің азаматтарына, о н ы ң і ш і н д е Қ а з а қ с т а н Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға арналған еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бойынша қ а н д а с т а р б а к а л а в р и а т қ а ғ а н а е м е с , ж о ғ а р ы о қ у орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына да түсе алады. Былтыр осы мүмкіндікті п а й д а л а н ғ а н қ а н д а с т а р бакалавриат, магистратура және докторантураға түскен.

Тақырып туралы толық түсіндірген Премьерминистрдің орынбасары Ералы Тоғжанов: «Бүгінгі күні қандастар үшін мемлекеттік б і л і м б е р у тапсырысының жалпы көлемінің 4 пайызы мөлшерінде жоғары оқу о р ы н д а р ы н а т ү с у үшін қабылдау квотасы көзделген», – деді. Вицепремьер аталған шарттар аясында 2012 жылдан 2021 жылға дейін 8000-нан астам қандас қабылданғанын да жеткізді. Соңғы 5 жылда 127415 адам Қазақстан азаматтығын а л ы п т ы . О н ы ң 7 м ы ң н а н астамы Президент Жарлығына сәйкес, ал 19 мыңнан астамы жеңілдетілген түрде мәртебе алса, 106 мыңы – этникалық қандас. Ұ л т т ы қ с т а т и с т и к а бюросының дерегіне сүйенсек, б ы л т ы р 2 8 м ы ң ғ а ж у ы қ адам Қазақстаннан көшіп кеткен. Еліміздегі көші-қон алмасуының басым көрсеткіші ТМД елдері арасында тіркелген. Өкініштісі сол, ақыл-ой көші деп аталатын бұл үрдістің басты кейіпкерлері – еселі еңбек ететін жастағы, жалынды, білімді азаматтар…

БЫЛТЫР 227 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛДІ

Атырауға былтыр қанша қандас келді? Олар қай ауданға орналасты? Осы секілді сауалдардың жауабын аталған мәселемен айналысатын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан сұрап білдік. Биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, облысқа шет елдерден 227 отбасы – 309 этникалық қазақ көшіп келген. Шекара асып, атакүлдікке оралған қандастардың басым бөлігі – Өзбекстаннан. Ол жақтан келген 203 отбасы – қазір атыраулық. Бұған қоса Қытай Халық Республикасынан 15 және Ресей Федерациясынан 9 отбасы елге оралыпты. Олардың аймақтарға орналасу көрсеткіштерін сараласақ, басым көпшілігі, яғни, 191 отбасы – Атырау қаласында. Ал, 28 отбасы – Жылыой ауданына, 3 отбасы – Исатай, 2 отбасы – Құрманғазы, 3 отбасы Мақат аудандарына қоныс тепкен. Елге оралған жандардың арасында еңбекке қабілетті жастағылары – 222 адам.

Бұған қоса мектепке дейінгі жастағы – 38, мектеп жасындағы 37 бала және 12 зейнеткер бар. Ел азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін бұрын берілген оралман мәртебесін 6 айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзарту туралы 48 адамға шешім шығарылған. Қандастарды еңбекпен қамту мәселесі де аса маңызды. Қолынан келетін іске бейімдеу, қызметке тұруына жәрдемдесу – негізгі фактор. Мысалы, жыл басынан бері облыстағы жұмыспен қамту орталықтарына 9 қандас жұмыссыз ретінде тіркеліп, екеуі тұрақты жұмысқа, бір адам қоғамдық жұмысқа орналасқан. Жұмыссыз ретінде 5 адам тіркеуде. Ал, тұрғын үй кезегінде 42 қандас есепте тұрса, бір қандас баспаналы болыпты.

ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ НЕДЕ?

Елдегі көші-қон мәселесін оңтайландыру, қордаланған мәселелерін шешу жолында атқарылып жатқан нақты жұмыстың бірі – қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу. Таяуда республика Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа к о м и т е т і н д е « Қ а з а қ с т а н Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Ол жөнінде баяндаған Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов бірқатар жаңашылдықтар туралы айтып өтті. Ал, төменгі палатаның ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, шетелдіктердің біздің елге кіруіне тыйым салу негіздеріне толықтыру енгізу қарастырылған екен.

Мысалы, егер Ұлттық қауіпсіздік органдарында шетелдіктердің экстремистік немесе террористік әрекетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болса, шетелдік азаматқа елге кіруге тыйым салынады. Мұндай негіздер бойынша Ұлттық қауіпсіздік о р г а н д а р ы н а с е б е п т е р і н түсіндірместен бас тарту құқығын беру ұсынылады. Қоғам қайраткері, 2011 ж ы л д а н б е р і к ө ш і – қ о н мәселесімен айналысып, 2015 жылдан бері Мәжілісте құрылған жұмыс тобының құрамында көші-қон процестерін реттейтін Заңдарды уақыт талабына сай жетілдіруге атсалысып жүрген Ауыт Мұқибекке арнайы хабарластық. Оның айтуынша, заң жобасы аясында көші-қонға байланысты 9 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілмек.

– Т а н ы с т ы р ы л ы м н а н байқағаным, бұл жолы көшіқон үрдісін дамытудан гөрі оның бақылау жағын күшейтуге баса мән берілген секілді. Соның ішінде қылмысы баржоғын тексеруге қатысты қатаң талаптар енгізіліп жатыр. Мен көтерген мәселелердің П а р л а м е н т д е ң г е й і н д е ш е ш і л м е г е н т ү й і н д е р і Президенттің араласуымен мемлекеттік дәрежеде шешіліп, қандастарымыз қазір оның игілігін көріп отыр. Соның арқасында қазір көшіқонға қатысты нормативтік құжаттар қандастарымыздың құжаттануын қиындататын басы артық кедергілерден айтарлықтай арылды, – деп ол аталған саланы ілгерілету мақсатында жүргізілген нақты іс-шаралар нәтижесі мен жетістіктерді де айтты.

Бұрын олардың келген еліндегі соттылығын анықтайтын, ауыр және аса ауыр қылмысы үшін өтелмеген жазасы баржоғын айқындайтын анықтама талап етілетін. Ол құжатты алу өзге елдерге қарағанда, әсіресе, Қытайдан келген қандастар үшін аса қиын болды. Маңызды мәселе 2017 жылы шешімін тапты. Бұған қоса, Моңғолия мен Қытайдан келген зейнеткерлер үшін де түрлі қиындықтар барды. Осы елдерден келген зейнет жасындағы қандастарымыздың бұрынғы еңбек өтілі есепке алынатын болды. Сөйтіп, бұрын олар 16 мың теңге алса, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, кемінде 70 мың теңгеден жоғары зейнетақы алатын болыпты.

– Айрықша атап өтерлік тағы бір мәселе – әкімшілік құқық бұзғаны үшін сот шешімімен келген еліне қайта депортациялайтын норма болды. Шекарадан шыққан адам бес жылсыз қайта келе алмайтын. Ал, елге қайтару емес, айыппұл салу туралы шешім шықса, кез-келген құжатты өткізу үшін бір жыл күтуі тиіс еді. Қазір осы мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың деңгейінде шешіліп, қатаң н о р м а л а р э т н и к а л ы қ қазақтар мен қандастарға қолданылмайтын болды. Бұл – зор көмек. Оған қоса, оралманның «қандас» деп өзгеруі, 18 қарашаны атаулы күндер тізбесіне енгізу туралы Үкіметке тапсырма беруі де қуанарлық, – дейді қоғам қайраткері.

– Шеттен келетін қазақ көшінің көлікті болуына, қазақтілді қазақтардың көбеюіне сыртқы күштермен бірге ішкі күштердің де қарсылығы көп болды. Бұған дейінгі күрделі түйіндердің әу баста қалыптасуына ішкі күштердің кері ықпалы әсер етті. Салалық заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттарда көшіп келген қандастардың қ ұ ж а т т а н у ы н а қ и ы н д ы қ туғызатын кедергілер әлі де баршылық. Мысалы, соттылық туралы анықтама Қытайдан келген қазақтардан талап етілмесе де, өзге мемлекеттерден оралған қандастарымыздың тез құжаттануына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан, бұл шартты жеңілдету керек. 2018 жылдан бастап, Қытайдан келген қазақтардан соттылық туралы анықтама талап етілмесе де ахуал ушыққан жоқ, – дейді ол.

ІШКІ МИГРАЦИЯНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Сыртқы миграциямен қатар, ішкі көші-қон саласын жетілдіру қажеттігі де Президент тарапынан айтылды. Әсіресе, терістік өңірлерге қоныс аударушылардың мәселесі де жиі көтеріліп жүр. Көші-қон процесін іске асырудағы мемлекеттік шаралар мен тетіктерге қарамастан, облыстарда проблемалардың толық шешілмеуіне не себеп? Мамандар бұған бірінші кезекте сыртқы көші-қонның санын азайту үшін ішкі көші-қон үдерісіндегі еңбек теңгерімінің тұрақты және тиімді қалпын сақтау маңызды екенін айтады. Сөз жоқ, ел аумағының біртұтастығы үшін оңтүстіктен солтүстік аймақтарға бағытталған көші-қон үрдісін жалғастыру керек-ақ. Бірақ тиімділігін де, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін де арттыру қажет.

Ең алдымен, оларға берілетін тұрғын үйлердің сапалы, заманға сай болуына баса назар аударған орынды. Сосын «кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қолдау көрсетудің кейбір тетіктері жеткіліксіз екенін ескерсек, бюрократиялық кедергісіз жер телімдерін беру, қоныс аударушыларды жинақы қоныстандыру үшін жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру секілді іс-шаралар қамтылуы қажет» дейді тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізушілер. Ішкі көші-қонға қатысты сөз қозғалғанда ауылдан қалаларға қоныс аудару басым екенін де ескермей тұра алмаспыз.

Біріншіден, бұл урбанизация үдерісіне ықпал етсе, екіншіден қалаларға стихиялы қоныс аударудың жұмыссыздық, баспана тапшылығы секілді жағымсыз жақтары жетерлік. Мұндай проблемалардың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобаларды тиімді пайдалана білген абзал. Өзін-өзі дәлелдеген игі бастаманың бірі – «Дипломмен ауылға!». Жоба шеңберінде ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуге мыңдаған маман көшіп барды. «Серпін-2050» білім беру бағдарламасының да тиімділігі айқын. Қалай десек те, еңбек етуге құлықты жанның қолдауды тиімді пайдаланып, өз мүддесіне жарата білгені артық емес.

«Уақыт ұттырмай қолға алып, дәйекті түрде іске асыратын тағы бір шаруа бар. Халықтың қалалық жерге жаппай көшуі салдарынан көптеген ауылдарда, әсіресе, шекара маңында тұрғындар саны күрт азайды. Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе… Оған кезекті науқан ретінде қарауға болмайды» «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында да осылай деген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тақырыптың саяси мәні зор екенін айрықша атап көрсеткен еді. Бұл пікірді қолдаған қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек те «Президенттің қазақ көшіне деген ұстанымы айқын, нақты, оң. Мәселелердің жақсы жағына қарай реттелетініне сенімдімін» дейді.

Лайым, бастаманың игілігін көрер күн жақын болғай!

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз