Жаңа мәслихат депутаттары сайланады

cbde1da67905db48392e551b081abef5 1280x720 Жаңалықтар

Наурыздың 31-інде Исатай ауданының – 2, Құрманғазының 1, жалпы облыс бойынша 3 ауылдық округте мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына жаңа кандидаттарды сайлау өтеді. Үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды.

Саяси дода аясында кандидаттыққа ұсынылған 9 азаматтың барлығы тіркелді. Осылайша орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидаттан келеді.

–Тіркелген 9 кандидаттың 3-еуі саяси партиялардан болса, 6-уы өзін-өзі ұсынған. Оның 8-і ер, 1-еуі әйел адам. Алты кандидат республика саяси партияларының мүшелері болып табылады. Ал үшеуі партия қатарында жоқ. Орташа жас мөлшері 38 жасты құрайды. Барлық кандидаттың білімі жоғары. Сондай-ақ алты кандидат мемлекеттік мекемелерде, екеуі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды. Бір азамат саяси партияның қызметкері. Қазір кандидаттардың үгіт науқаны жүріп жатыр, бұл жұмыстар 30 наурыз  00.00 сағатқа дейін созылады, – дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз