Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Жалған вакцина паспорты қоғам үшін өте қауіпті — Қ.Тоқаев


Мемлекет басшысы вакцинация паспортын сатып жатқандар мен сатып алғандар туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Жалған вакцина паспорты қоғам үшін өте қауіпті. Оны жасап жатқандарды қатаң жазаға тарту керек. Бұл Әкімшілік кодекспен қаралады. Тез арада екпе салудың цифрлық картасын жасау керек», деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев пандемиямен күрестің жалғыз жолы вакцинация екенін айтты.

«Азаматтар өзінің және жақындарының денсаулығына жауапты болуы керек. Антиваксерлердің қауесетіне ерудің қажеті жоқ», деді ол.

© egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button