Жарнама
БілімЖаңалықтар

«Жалақысы 600 мың теңгеге жететін оқытушылар бар…»

Atr.kz/12 қазан, 2020 жыл. Бір жарым мың доллар айлық алатын оқытушылар кімдер? Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елді елең еткізер мәліміттерді келтірді.

«Қазір біз өзіміздің профессорларымыздың жалақысын 300 мыңнан асырып қойдық. Сонымен бірге, «зерттеуші-оқытушы» деген категория бар. Олар «штучный» мамандар және 600 мыңға дейін жалақы алады. Зерттеуші-оқытушы ғылыми жұмыстарды жүргізеді. Ондай мамандардың зерттеулері өндіріске енгізіледі. Біз зерттеу жұмыстарының көбі өндіріске еніп жатқан адамдарымызға жаңағыдай жалақы беру арқылы жағдай жасап, оларды қолдап отырамыз. Сондай-ақ, әлемдік рейтинг журналдарында мақаласы жарияланып жүрген ғалымдарымызға да материалдық көмек көрсетіп тұрамыз» деді ол.

Ал, Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов Президент тапсырмасымен үкімет қосымша 17 миллиард теңге бөліп отырғанын айтты.

«Бұрын «жалақымыз төмен, жұмыстан кететін шығармыз» деген әңгімелер жиі айтылатын. Бүгінде біраз ғалымдар мен жас жігіттер қызығып, қайтып келіп жатыр» деді ол.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button