Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы алатын еңбеккерлердің, оның ішінде азаматтық қызметшілердің еңбек ақысы 1,5 есеге өседі.

ÁleÝmet

Ресми мәліметтерден белгілі болғанындай, жаңа жылдан бастап еліміз бойынша орташа айлық еңбекақы көлемі 9,1 пайызға өседі деп күтілуде. Сондай-ақ, әкімшілік, көмекші және техникалық қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысы көбейеді. Нақтырақ тоқталсақ, экономиканың барлық саласындағы төмен еңбекақы алатындардың айлығы 30 пайызға дейін көтеріледі.

Бұдан бөлек, 2019 жылы азаматтарға жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемі 7, мүгедектігіне байланысты және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі 5 пайызға арттырылады. Осылайша, әлеуметтік төлемақының орташа көлемін 30 пайызға көтеру көзделген. Оған қоса, алдағы жылдың алғашқы күнінен бастап республикадағы еңбек етуге қабілетті, жұмыс жасайтын азаматтар үшін бірыңғай жиынтық төлемді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан тұрмысы төмен отбасылар үшін қолданыла бастаған әлеуметтің көмектің жаңа форматы алдағы жылы жалғасын табады.

Атырау облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің бөлім басшысы Құрманай Қалиеваның түсіндіруінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда орташа айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге көлемінде белгіленіп отыр. Соның негізінде, ең төменгі зейнетақы – 36 100, базалық зейнетақы төлемі – 16 037,  ең жоғары базалық зейнетақы, соған сәйкес, күнелтістің ең төменгі мөлшері – 29 698, ал, ең төменгі еңбекақы мөлшері 42 500 теңге көлемінде бекітілген.

Осындай ретпен жаңа жылда азаматтардың жасына және еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын, мүгедектігі мен денсаулық жағдайына байланысты берілетін зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік төлем (оның ішінде асыраушысынан айырылуы себепті) отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленетін мөлшерінде де өсу бағытында елеулі өзгерістер болғалы тұр. Мәселен, жанұяда екі адам болса, бұл сома 44 251, үш адамға – 54 942, төрт және одан да көп адамға сәйкесінше  58 209, 60 287, 62 663 теңге болып жалғаса береді.

 Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button