Жаңалықтар
Жайықтың жоғары бөлігінде су азайды
Бүгін 15 сәуірде Жайық өзенінің жоғары бөлігінде су деңгейінің төмендеуі байқалды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы хабарлады.
Аталған мекеменің мәліметіне сүйенсек, су деңгейі Индербор кентіндегі гидропостта – 3 см, Махамбетте – 14 см, Атырау қаласында 9 сантиметрге көтерілген. Ал бүгін Иректі су қоймасынан секундына 477 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Жем өзенінінде су деңгейі айтарлықтай төмендеген. Бір тәулікте 20 сантиметрге азайыпты. Ал Қиғаш-Шортанбай гидропостында су 7 сантиметрге көбейген.
Малика ТӘКЕЖАНОВА