Жарнама
Жаңалықтар

Жайықтың жағалауы нығайтылуда

Атырау қаласында және Жайық өзені бойындағы ауылдық округтерде су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл жұмыстарға 140 техника жұмылдырылды.

Атырау облысы әкімдігінің ресми парақшасында жарияланған мәлімет бойынша жағалауды нығайту жұмыстары қала маңындағы «Атырау», «Рембаза» шағынаудандарында және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде жүргізілуде. Оған 10 кәсіпорын мен 3 кәсіпкерлік субъектісі тартылды.

–Бұл жұмыстарға 139 бірлік техника жұмылдырылды. Оның ішінде 98 КамАЗ, 18 тиегіш, 2 автогридер, 2 «Гидромек» тиегіші, 5 бульдозер, 7 экскаватор, 1 виброкаток, 6 каток бар. Топырақ себу үшін 1318 рейс орындалды. Сондай-ақ, жұмыстар Жұмыскер, Геолог, Ақжар елді мекендерінде жүргізіледі, — делінген аталған ресми парақшада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button