
Жаңалықтар
Жайықтың деңгейі Атырау қаласында да төмендей бастады
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр. Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, 2 маусым сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Атырау қаласында су деңгейі 1 сантиметрге төмендеді. Қазір қаладағы судың мөлшері – 597 сантиметр, шекті деңгейі – 550 сантиметр.
Атырау қаласының Жаңаталап ауылы мен Еркінқала селосында су деңгейі өзгеріссіз. Ал Индер ауданының Индербор кентінде Жайық суы – 6 сантиметрге, Махамбет селосында 5 сантиметрге азайды.
Өз тілшіміз