Жайықтағы судың ең жоғарғы көтерілуі 9-11 метрге жетеді
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл көктемгі су тасқынына байланысты Жайық өзені деңгейінің көтеріліп, көп мөлшерде су келу қаупі бар. Мәселеге орай Жайыққа қатысты мәліметтерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Ашық дереккөздердегі ақпараттарға сүйенсек, Жайықтың бастауы теңіз деңгейінен 637 метр биікте орналасқан. Ал, сағасы теңіз деңгейінен 27 метр төмен. Құлама ағысы өзен аңғарының әр шақырымынан 30 сантиметрді құрайды. Қатар жатқан Еділ өзенінде бұл деңгей 4 есе аз. Сондықтан Жайық жазықтағы өзен болғанмен, ағысы өте қатты.
– Жаздағы ағыстың жылдамдығы 4-5 км/сағ., жайылмасында 10 км/сағ. дейін.
Көктемгі (сәуір-маусым) жайылма Жайық өзенінде жылдық ағысының 60-80 %, кейде 96% дейін жетеді. Өзеннің орташа ағысында мұздың еруі сәуірдің бірінші-екінші онкүндігінде, ал өр суы айдың үшінші онкүндігінде келеді. Көктемгі тасқын кезінде өзендегі су деңгейі орта есеппен Науразово (жоғары ағыста) кенті тұсында 2,6 метрге дейін, Орынборда — 6,6 м., Оралда — 7 метрге дейін. Жайықтағы судың ең жоғарғы көтерілуі 9-11 метрге жетеді, — делінген дереккөздерде.