Жарнама
Жаңалықтар

Жайық жағасындағы ауылдар қауіпсіздікті күшейтті

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев Жайық өзенінің бойында орналасқан Сарытоғай ауылы тұрғындарымен кездесіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуге барлық күшті салу қажеттігін атап айтты.

Аудан әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиевтің хабарлауынша, бүгінде ауыл тұрғындары, белсенділер, еріктілер жағадағы бөгеттердің әлсіз тұстарын биіктетіп, қапшыққа құм толтыру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, жыңғыл тасып, тасқынға тосқауыл қоюда. Арнайы бөлінген техникалар топырақ тасу, тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Қауіптің алдын алудағы жұмыстар қарқын алып, тәулік бойы жалғаса береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button