Жаңалықтар
Жайық өзенінің деңгейі 4 метрден асты
Бүгін 20 сәуірде Жайық өзенінің деңгейі Атырау қаласындағы гидропостта бір тәулікте 5 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 404 сантиметрге жетті. Ал Индерборда — 7 см, Махамбетте 6 сантиметрге көбейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, Орал қаласындағы гидропостта су деңгейі бір тәулікте 34 сантиметрге артқан. Бүгінде Иректі су қоймасынан секундына 294 текше метр су жіберілуде.
Сондай-ақ Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай гидробекетінде 18 сантиметрге көбейген. Волгалық гидроэлектр бекеттен секундына 17 630 текше метр су жіберілуде. Ал Жем өзені 2 сантиметрге төмендеген.
Малика ТӘКЕЖАНОВА