Жарнама
Жаңалықтар

Жайық өзенінің бойындағы заңсыз құрылған ау құралдарын тазарту жұмыстары жүргізілуде

Жайық өзенінің бойында «Бекіре – 2023» акциясына байланысты заңсыз құрылған ау құралдарын анықтау шарасы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының 20 қызметкері қатысты. Жұмыс барысында қызметкерлер 3 — «КС» қайығы, 6 – жеңіл моторлы қайық және  жағалаудан бақылайтын «Уаз» автокөлігін пайдаланды.

-Тексеріс кезінде Жайық өзені бойынан 20-ға жуық ау құралдары мен 4 астауша қайық тәркіленді. Бұл заңсыз заттар болғандықтан, қолдан жасалған қайықты инспекцияға қарасты «Дамбы балық» бөлімінің арнайы орнында жойылады. Ал, ау құралдары бөлімге иесіз зат ретінде өткізіліп, әкімшілік хаттама толтырылады. Сондай-ақ, тәркіленген балықтар балық өнімін дайындау үшін «Тілекші» ЖШС, «Абылай хан» ЖШС сияқты мекемелерге тапсырылады,- деді «Дамба» балық инспекциясы бөлімінің басшысы Еламан Хабибуллин. 

Оның айтуынша, мұндай тексерістің мақсаты – балықтардың заңсыз ауланып, броконерлердің уысына түспеуін қадағалау. Өзен балықтарының көбейіп, еркін өсуіне жәрдемдесу.

Айта кетейік, бұл шара биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button