Жайық жағалауынан 1,3 тонна балық жиналды
Atr.kz/11-наурыз. 2019 жыл. Қазіргі таңда барлық жиналған балық есепке алынды және жойылды.
«Жинақталған өлі балықтың салмағы қозғалған қылмыстық іске қосылады» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, жақын күндері өзенді тазалаумен арнайы техниканың көмегімен балық аулау кооперативтері мамандары айналысады.
Жайық өзеніндегі су сынамалары аптасына екі рет Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен, Экология департаментімен және «Қазгидромет» РМК-мен қабылданады. Су көрсеткіштері қалыпты және тұрғындар мен жануарларға қауіп төндірмейді.
Еске сала кетелік, жаппай балық өлімі тіркелгеннен кейін екі қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өнімдерін өткізу нүктелерін бақылауда. Тұрғындар арасында балық өнімдерін тұтынудан улану жағдайлары тіркелген жоқ.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.