Жарнама
Жаңалықтар

Жайық өзеніне шомылу маусымы аяқталды

Atr.kz/13 қыркүйек, 2019 жыл.  Жайық өзеніне шомылу маусымы 20 тамыз күні аяқталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бүгінгі таңда Атырау облысында тұрғындардың шомылуына ресми түрде рұқсат етілген екі жағажай бар. Оның  екеуіде қалада орналасқан. Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Аскат Ержановтың айтуынша, Жайық өзеніне шомылу маусымы тамыз айының 20 күні аяқталған.

— Бүгінгі күні шомылу маусымы аяқталса да, Жайық өзеніне шомылушылар көп. Оның көбісі 10-15 жас аралығындағы ер балалар.  Қазіргі таңда Жайық өзенін 4 секторға бөлдік. Сол секторлар бойынша күнде арнайы топ рейд жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындардан Жайық өзеніне түспеу сұралады, — дейді Аскат Ержанов.

Айта кетейік, Жайық өзеніне шомылуға 15 маусымнан бастап рұқсат берілген болатын.

«Atr — Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button