Жарнама
Жаңалықтар

Жағажайлар шомылу маусымына дайын ба?

Атырауда екі жағажай тексеріліп шомылу маусымына дайындалып жатыр

Тұрғын үй қалашығы «Алладин» мейрамханасы маңындағы (Малибу) және «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені жанындағы жағажайлар он жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілмек. Олар бойынша ашық тендер жарияланып, нәтижесінде «Малибу» жағажайын сенімгерлікпен басқару құқығы жеке тұлға Ахманов Жомартқа, ал екінші жағажай «NA Pallet Group» ЖШС-не берілді.

suret4
⁃   Қазір жеңімпаз тараптармен жағажайларды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттар жасақталу үстінде. Бұл жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жағажайлар абаттандырылып, халыққа ыңғайлы әрі қауіпсіз демалыс аймағы ретінде ашылады деп күтілуде. Жаңа маусымда жағажай аумақтарында санитариялық талаптарға сай жағдай жасалып, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Сонымен қатар демалушыларға қолайлы инфрақұрылым мен түрлі ойын-сауық нысандары да ұсынылады, - деді қалалық Қаржы бөлімі басшысының орынбасары Гүлжан Құлбаева.

Жобаның мақсаты – жағажайларды жеке басқаруға беру арқылы олардың сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын қалыптастыру. Қос жағажайдың түбі Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері тарапынан тексерілді. Қазіргі уақытта жағажай аумақтарында тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button