Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Жәбір көрген әйел

– Ой, күйеуі тағы да ішіп келген-ау…

– Жан дауысы шығып жатқанын қарашы!

– Есікті ішінен кілттеп алған.

Полиция шақыртайық

Бұл өзінің өмірлік қосағынан күнбе-күн дерлік таяқ жейтін əйелдің көршілерінің əңгімесі. Осындай ұрыс-керіс, жанжалдан кейін жас əйелдің бет-аузы көгеріп, адам көргісіз болып жүреді. Ертесіне «батыр» күйеуі «мен ештеңе білмеймін, есімде жоқ…» деп ақталады. Аналарымен бірге түнгі оқиғаға куə болған балалардың да жүректері қозғалған. Жүйкелері бұзылып, тыныш ұйықтаудан қалған. Маман психологтар: «Мұндай балалардың сабақ оқуға зауқы болмайды. Есте сақтау қабілеті де төмен келеді. Үнемі үреймен жүреді» деген пікірде. Облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау жұмысын ұйымдастыру тобы осы мəселемен айналысады. Осы жылдың 3 айында ішкі істер органдарына жəбір көрген 351 əйел арызданған. Жалпы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас кезіндегі құқық бұзушылықтарды, яғни «отбасытұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы əрекеттер» 519 əйелге қатысты жасалғаны жайлы анықталып отыр. Ащы суға еліткен жігіттер өзін өмірге əкелген анасын да, бірге туған бауырларын да аямайтыны күнделікті өмірдің көрінісіне айналып отыр. Асыраушысы өмірден өтсе… Оқырмандар асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы туралы жиі сұрайды. Осы тініш-тілектерін қанағаттандыру мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және к ші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандарына жолыққан едік. // Отбасылық зорлық-зомбылық // Əлеуметтік қорғау – Ой, күйеуі тағы да ішіп келген-ау… – Жан дауысы шығып жатқанын қарашы! – Есікті ішінен кілттеп алған. Полиция шақыртайық! Сөзіміз дəлелді болу үшін мынадай деректі келтіре кетейік. Отбасылық жанжал салдарынан 1964 жылы туған азаматша өзінің 1984 жылы туған ұлынан зардап шегеді. Еш жерде жұмыс жасамайтын, араққа сылқия тойып алған ұл мас күйінде жанжал шығарып, анасына балағат сөздер айтады, отбасының берекетін алып, шырқын бұзады. Тұрмыстық қарым-қатынаста осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін ол ішкі істер органының есебіне алынған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері үнемі «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен əйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан əйелдердің тұрмыстық жағдайын тексеріп, рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады. Аталған бөлімшеге осы жылдың 3 айында зорлық-зомбылыққа ұшыраған 10 адам орналастырылған. Қазір мұнда 3 əйел жəне 6 жасөспірім бар. Бұл бөлімшеден 112 əйел адам құқықтық кеңес алған. Қандай ма отбасындағы ұрыскеріс, төбелес – бəрі дерлік ішіп алған ер адамның тарапынан орын алатынын жасыру қиын. Сөзімізге дəлел ретінде айтсақ, Жылыой ауданының 1987 жылы туған азаматшасы 4 баласымен заңды некедегі жолдасынан жəбір көреді. Ол мас күйінде отбасының тыныштығын алып, əйелін ұрыпсоғып, үйінен қуып жіберген болып шықты. Содан отбасының шырқын алған адам тəртіпке шақырылып, əйелі мен балаларының қауіпсіздігі үшін «қорғау нұсқама» беріледі де, олар «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған əйелдерге көмек көрсету бөлімшесіне» орналастырылады. Бәрі отбасы берекесі үшін Облыстық полиция департаменті қашаннан «шағын мемлекет» саналатын отбасы жағдайын қадағалап, берекесінің бұзылмауын қадағалайды. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Атырау қаласындағы Тұрмыстық зорлықзомбылыққа ұшыраған əйелдерге көмек көрсету бөлімшесінде «Ер мен əйел арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында дағдарыс орталығын паналаған қыз-келіншектер арасында «дөңгелек үстел» өткізді. Ісшараға «Дағдарыс орталығының» басшысы А.Иманғалиева мен оның қызметкерлері, «Шанырақ-2008» ҮЕҰ-ның төрайымы Г.Хисманова, облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы əйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау жөніндегі а ғ а и н с п е к т о р , п о л и ц и я полковнигі Б.Төлегенова қатысты. Сөйлеушілердің қайсысы да шаңырақтың тірегі, асыраушысы, қамқоршысы саналатын азаматтардың ащы суға тойып алып, шектен шыққан əрекеттерге баратынын, осындай келеңсіздіктердің салдарынан жолы жіңішке əйел заты мен бейкүнə балалардың қорлық көретінін жасырмады. Мұндай іс-шаралар отбасының татулығы мен бірлігін сақтауға арналып өткізіледі. Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегі «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты семинар-тренинг те осы мақсатты көздеді. Жалпы тұрмыстық зорлықзомбылық – біздің елде ғана емес, дүние жүзінде белең алып отырған жағдай. Басты себептері – сол жоғарыда айтқанымыздай, ащы су, жұмыссыздық, басқа да əлеуметтік факторлар. Ерік-жігері əлсіз, ертеңінен үміті аз ерлер бар өшін арақ-шарап пен отбасы мүшелерінен алатындай. Олар бұл қиындықтың басқа жолдарын ойламайтынға ұқсайды. Ал ақыр аяғында зардап шегетін – əйел заты мен балалар. Қоғамның дамып жатқанына қарамастан əйелдердің отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырауы əлі жиі кездеседі. Өкінішті əрине. Табиғатынан төзімді қазақ əйелінің маскүнем ерінің өзіне жасаған талай қорлығын кешіріп келе жатқаны жасырын емес. Өзі қандай қиыншылыққа тап болса да орынсыз былапыт сөз есту, таяқ жеу, моральдық қысым көру – осының бəріне үлкен кешіріммен қарап, отбасының бірлігін ойлаумен жүреді. Сонда өмір бойы «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» бола бере ме, азамат, өзің қалай ойлайсың?!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button