ЖАБАЙЫ ЖАҒАЖАЙ: Тыйым салынған жерден суға кету көбейіп барады
Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Аптап ыстық басталғалы атыраулықтар өзен жағалап кетті. Отбасыларымен бірге мәре-сәре болып, жағалауда демалып жатқандар көп. Дегенмен, құтқарушылар олардың қауіпсіздік шараларына маңыз бермейтінін айтуда. Көпшілігі рұқсат етілмеген жабайы жағажайларда шомылады. Айтылған ескертпелерді ескермейді. Ал, оның соңы орны толмас өкінішке ұрындыруда.
СУ – ТІЛСІЗ ЖАУ
…Еркінқалада велосипед теуіп жүрген жеткіншектің мәйіті келесі күні Жайық өзенінен шықты.
…Соңғы он күн ішінде Қызылқоға ауданында «тілсіз жаудан» үш адамның өмірі үзілді.
…Геолог шағын ауданының тұсынан суға кеткен 27 жастағы жігіттің денесі табылды.
Естіген жанды шошытатын мәліметтер осылайша, жалғаса береді. Айдың-күннің аманында адамдар ажалын «тілсіз жаудан» табуда. Осы қауіптің алдын қалай алуға болады?
Б и ы л ғ ы ш о м ы л у м а у с ы м ы н д а А т ы р а у қаласында үш жағажай ашылғалы отыр. Оның екеуі – Тұрғындар қалашығындағы «Малибу» және «Атырау» денешынықтыру спорт кешені жанындағы жағажай болса, біреуі – қаланың сыртында, Бесікті елді мекенінде. Жедел құтқару жасағының бастығы Самат Құмашевтің айтуынша, шомылуға рұқсат етілген орындардан басқа «жабайы жағажайлардың» саны көп. Қайғылы оқиғалардың барлығы осындай орындарда орын алуда.
Адамдардың көпшілігі жабдықталмаған орындарда шомылады. Сонымен бірге, балалар жағада қараусыз қалады, балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмайды, суға ішімдік ішкен күйінде түсетіндер бар.
–Жалпы алғанда, суға түсу ережелерінің сақталмауы орны толмас өкінішке соқтыруда. Сондықтан, т ұ р ғ ы н д а р д ы ң т и і с т і заңдылықтарды қатаң сақтауын сұраймыз, — деді Жедел құтқару жасағының бастығы.
Мамыр айынан бері төтенше жағдай қызметінің өкілдері күшейтілген режимде қызмет етуде. Соған қарамастан тиісті тәртіптерді сақтау оңай болмай тұр. Өзеннің кез келген жерінен суға түсетіндер құтқарушылардың сөзіне құлақ аса бермейді. Осы себептен судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция департаментінің қызметкерлерімен бірге рейдтік шараларға шығуға мәжбүр болуда.
САҚТАНҒАНДЫ САҚТАЙДЫ
Суда жүзу ережелерін қатаң сақтау маңызды. Сонымен бірге, әрбір адам білуі тиіс бірқатар қағидалар бар. Мысалы, суда жүзу дені сау адамға ғана пайдалы. Ал, дене ыстығы көтерілген кезде шомылуға болмайды. Сондықтан, алдын- ала дәрігерге көрініп, кеңесін алу артық етпейді. Суға түсудің қолайлы уақыты – таңғы сағат 8-10-ның және кешкі сағат 17-19 аралығы. Сондай- ақ, тамаққа тойып немесе ішімдік ішіп алып, шомылған адамның қан қысымы бірден көтерілуі мүмкін. Құтқару қызметінің өкілдері жағадан алыс жүзбеу, ескерту белгілерінен әрі өтпеу, арнайы белгіленген жерлерде ғана шомылу, балаларға сақ болу, суда алысып, күресіп ойнамау секілді қарапайым ескертпелер көлденең жағдайлардан сақтандырады дейді.
К ә м е л е т к е т о л м а ғ а н б а л а л а р д ы ң қ а й ғ ы л ы жағдайларға ұшырауы ата- аналардың жауапсыздығынан орын алады. Өйткені, су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерінің с а қ т а л м а у ы ө к і н і ш к е ұ р ы н д ы р а т ы н ы н түсіндірмейді.
Адамның өмірінен артық құндылық жоқ. Сондықтан, қарапайым ережелерді сақтауға бейжай қарамайық, ағайын.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА
***
СУДА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Күннің қатты ыстығынан өзен бойларында, су жағалауларында демалушылардың саны күрт өсті. Жалпы, судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуынан немесе оны білмеуінен орын алады. Осыған орай Атырау облысында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды төмендету мақсатында Жайық өзені бойында моторлы қайықпен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Шара барысында суға түсіп жүрген тұрғындарға және де өзен жағасындағы балықшыларға судағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде дауыс зорайтқыш арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып жатыр.
***
Есте сақтаңыздар!
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелерін сақтау! Ал, қауіпті жағдай орын алса немесе көмек қажет болған жағдайда «101», «112» құтқару қызметтеріне қоңырау шалуға болады.
Ақылдан МАРАТОВА,
ТЖД инженері, азаматтық қорғау лейтенанты