Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Жаңа зауытта химиялық реагенттер өндірілмек

Атырауда екінші оңтүстік өнеркәсіптік аймақтан химиялық реагенттер шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Онда жылына 1636 тонна деэмульгатор, 240 тонна депрессорлық қоспа, 3011 тонна тот пен 1567 тонна тұз түзілімінің ингибиторлары өндірілмек.

химзавод

«Жайық-Каспий Орхус» орталығының басшысы Шынар Ізтілеуованың айтуына қарағанда, мұнда жылына 1200 тонна турбуленттікке қарсы қоспа, 1946 тонна күкіртті сутек сорғыш өнімдер шығарылатын болады.

Осыған орай, өңірде бірқатар қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, зауыттың орналасу аумағына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланатын болады. Жаңа өндіріс нысанының қоршаған ортаға тигізер әсері қандай болмақ, міне, сол жағы мұқият сараланатын болады.

Мөлдір ҚҰМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button