Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Жаңа заман сұранысы

Ғабит ҚАБЕКЕНОВ,

облыстық білім беру басқармасы

әдістемелік кабинетінің директоры,

PHD докторы:

__абит __АБЕКЕНОВ

— үштілділік ХХІ ғасыр көгінде еркін қалықтауға қуат беретін басты мүмкіндік деп санауымыз қажет. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда физика, химия, биология, информатиканың ағылшын тілінде оқытылуына байланысты осы пәндерден сабақ беретін 102 педагог ағылшын тілінде оқыту курсында біліктіліктерін арттырды. Осы жылы аталған курстан 214 мұғалімді өткізу жоспарланған.

Елбасы барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлауда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызына ерекше тоқталған. Ақпараттық технологиялар саласындағы жеделдетілген жаңғыртуларды пайдалануда облыстың 178 мектебі «Bilimland.kz»  инновациялық білім берудің онлайн ресурсына қосылса, 134 мектептің негізгі субьектілері арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Күнделік» пилоттық жобасы енгізілді. Бұл мектеп бағдарламасы бойынша жасалған он мыңға жуық интерактивті сабаққа жол ашады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button