Жарнама
Жаңалықтар

«ЖАҢА ӨМІР» ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ СЫЙЛАЙДЫ

«Жаңа өмір — 2014» жобасы сәуір айының соңынан бастап, балалар үйінде екі кезең бойынша жүзеге асырылады.Алғашқысы — «Асырап алушы ата-аналар мектебі»,  келесісі «Интернаттан кейінгі балалардың жақсы жолға түсуіне септесу» деп аталады. 
– Өткен жылы С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін асырап аламын деп  ниет білдірген 49 ата-ана арасында оқу курстарын өткіздік. Ал, екінші бағыт бойынша отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде болып, жасөспірімдерге экономика, психология бойынша оқу-жаттығулар жүргіздік,  — дейді аталған жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек Тінәлиев.
Жоба менеджері  Нелли Куликовскихтың айтуынша, шара аясында балалар үйінен бала асырап алғысы келетін ата-аналармен кездесу, жеке кеңестер, тестілеулер және сауалнамалар жүргізіледі.  «Балалар үйіндегі бала саны жылдан-жылға азайып келеді. Алғашында 250 тәрбиеленуші болса, қазір 3-18 жас аралығында 97 бала тәрбиеленуде, оның ішінде мектепке дейінгі бөлімде 13 бала бар. Көпшілігі түрлі білім, өнер, спорт жарыстарында жеңімпаз атанып жүр», — дейді С.Қазыбаев атындағы балалар үйі директорының орынбасары Гүлжан Отарқызы.
 
Нұргүл НАСЫР.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button