Жаңа басқармаларда – жаңа басшылар

Жа а бас армаларда Жаңалықтар

Елбасының аймақтарды дамыту, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына орай жергілікті атқарушы биліктің құрылымына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармалары біріктіріліп, оның басшылығына Сырым Рысқалиев тағайындалды. Ал, жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқару Алмас Кәрімжанға жүктелді. Жаңа құрылымдар басшыларын таныстырған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев олардың алдында тұрған міндеттерге тоқталып, еңбекте табыс тіледі.

Жа__а бас__армаларда

– Сырым Мұратұлы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Өсімдік қорғау агрономы. Жаңадан құрылған басқарманың алдында маңызды міндеттер мен өзекті мәселелер тұр. Әсіресе, ветеринария саласына айрықша назар аудару қажет. Мал ауруларын болдырмау, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау бағытында нақты тапсырмалар жүктеліп отыр. Осы міндеттерді орындауға Сырым Мұратұлының білімі де, тәжірибесі де жеткілікті деп есептейміз, – деді ол.

Сондай-ақ, Нұрлан Асқарұлы облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс басқармасын құрудағы негізі мақсатқа да тоқталды.

Айбөпе Сабырова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз