Жарнама
Жаңалықтар

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҒЫН ОЙЛАҒАН ТАЛ ЕГЕДІ…

 

Наурыз мерекесі қарсаңында біз Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Оспановқа жолығып, биылғы жылы атқарылатын көркейту-көгалдандыру жұмыстарының жайы жөнінде сұрап білгенбіз. Оның мәлімдеуіне қарағанда,  20 учаскедегі бұрыннан бар 33, 8 мың дана жасыл желекке, 8788 қума метр бұта қоршамдарына, 70,6 мың шаршы метр аумақтағы газондарға күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған көрінеді.

Сондай-ақ, бөлім басшысы орынбасарының әңгімесінен тағы бір ұққанымыз – қаланы көгалдандыру, гүлзарлар отырғызу нысаны бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға 17 учаскеге және 190 дана кіші сәулеттік үлгілерге жалпы аумағы 10,7 мың шаршы метрді құрайтын гүлзарлар отырғызу және оларға күтіп-баптау жұмыстарын ұйымдастыру көзделген екен.

Ахуал  –  әкімдік  бақылауында

Мұнайлы астана тұрғындарын біраз әуре-сарсаңға салған наурыздың 14-інен 15-іне қараған күнгі тәулік бойына жауған нөсер 16-17 наурызда қарлы боранға ұласып, жерді мұздаққа айналдырды. Бұның өзі жағдайды, әсіресе, адамдар мен автокөлік қозғалысына қиындықтар тудырды. Қазір облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан алынған мәліметтер бойынша, Атыраудағы 125 аула мен 91 жеке тұрғын үйді жаңбыр суы зақымдады. 17 наурызға дейін ТЖД кезекші бөліміне қала тұрғындарынан 254 арыз-шағым түскен. Осы уақытқа дейін елуге жуық аула мен алпыс шақты үйдің суы сорғызылды.Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға бағытталған шаралар тоқтаусыз жүргізілуде. Жергілікті билік пен мекеме-ұйымдар, арнаулы құзырлы органдар тосын мінез танытқан табиғаттың жайсыздықтарына қарсы барлық күшті жұмылдырды.

 

Толығырақ газеттен оқи аласыздар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button