Жарнама
Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ МҮДДЕСІ – ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгінгі таңда облыста 2276 жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында 113,5 мың қызметкердің мүддесін қорғауды қамтамасыз етуді көздеген меморандумға қол қойылған. Соған қарамастан, соңғы кездері өндіріс көлемінің азаюына, атқарылатын жұмыс ауқымының шектелуіне байланысты жекелеген еңбек ұжымдары мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерді қысқарту, толық емес жұмыс режиміне көшіру, ақысыз еңбек демалысына жіберу фактілері орын алуда.

Хабарламадан осыған ұқсас жағдайлардың Теңіз кен орнында кесек күкіртті уату және тиеу жұмыстарымен айналысатын «Ариадна», вахталық қалашықтағы кеңейту жобасы шеңберінде автокөлікпен тасымалдау қызметін көрсететін «Каспиан Оффшор Констракшн Реалти», жалпы құрылыс және жерасты құбырларын жалғау жұмыстарына маманданған «Нефтестройсервис Лтд» ЖШС-теріне де тән екендігі мәлімделді. Соның ішінде соңғысында жасалынған келісім-шарттың бұзылуына байланысты, темір жол тұйығын салу жұмыстарына жіберілген 300 қызметкер атқарып жүрген жұмыстарынан босатылып, олардың дені сол Теңіз кенішіндегі өртке қарсы күрес қызметінде пайдаланылатын құбыр-құрылғыларды монтаждау жобасына тартылған. Жан-жақты жүргізілген ықпал ету шараларының нәтижесінде, жыл басынан бері 19 мекеме бойынша қысқартылуы жоспарланған 242 қызметкердің тең жартысына жуығы өз жұмыс орнында қалдырылған.

Солай бола тұрса да, қазірге дейін облыс бойынша тоғыз ұжымнан барлығы 730-ға тарта адамды жұмыстан қысқарту болжамдалып отырғандығы алға тартылды. Осыларды мұқият тыңдаған үшжақты комиссия мүшелері қалай дегенде де ешкімнің ескерусіз қалмауын қадағалауды қаперледі.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button