ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Облыс орталығында толассыз жауған қарды тазалау жұмыстары жалғасуда. Он күннен аса жүргізілген бұл шаруаға Атырау қалалық әкімдігі мен төтенше жағдайлар басқармасы жұмылдырылды.

Аталған басқарманың инженері азаматтық қорғау капитаны Т.Сансызбаевтың хабарлауынша, қар тазалауға «Арнаулы автобаза», «АИС», «БатысАльянсСтрой», «Атырау Көлік», «Эра», УС-99, «ТШО» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «АтырауСуАрнасы» КМК, «ҚазТранс Ойл» АҚ және жекеменшік техникалармен күш-құралдары бірлесіп, барлығы  100-ге жуық техника қатысты.

Нәтижесінде қаланың Сәтбаев, Азаттық даңғылы, Абай, Махамбет, Тайманов, Владимирский, Атамбаев, Әуезов, Баймұханов, Уәлиханов, Әлиев, Ерниязов, Молдағұлова, Мечников көшелері, Жеңіс саябағы, Тұрғын үй қалашығының аумағы, Әбілхайыр хан даңғылы,  Балықшы поселкесі және Нұрсая, Самал, Жерұйық, Атырау мөлтекаудандары мен шаһар маңындағы елді мекендер қардан тазаланды.

Бүгінге дейін қаладан барлығы 47 600 текше метр қар шығарылды. Қазіргі уақытта шаһардың тазалығы жауапты мекемелердің қатаң бақылауында.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз